
Құқық
Атырауда тұрғындарды тонаған 3 күдікті ұсталды
Облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысының жолын кесті, — деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Атырау қаласындағы мейрамханалардың бірінде 39 жастағы тұтынушыға күш қолданып, оның бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын және 1 млн. 200 мың теңге ақшасын тонаған 23 және 18 жастағы күдіктілер анықталып қолға түсті. Сондай-ақ полицейлер 45 және 42 жастағы тұрғындардың ұялы телефондарын жымқырған 36 жастағы күдіктінің де ізін суытпай анықтап, ұстады.
Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде. Тонау қылмысы үшін күдіктілерге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
А.ҚҰРМАШЕВА