Жарнама
Құқық

АТЫРАУДА ТӨБЕЛЕСКЕНДЕР КАМЕРАҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ

Атырауда таңды төбелеспен атырған екі адам анықталды.

31 тамыз таңғы 05:44 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы Баймұханов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің  алдында белгісіз екі ер адамның төбелесіп жатқанын байқап, дереу патрульдік полиция қызметкерлерін бағыттаған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткен кезде олардың бірі қашып құтылмақшы болған. Алайда, 1987 ж.т., және 1981 ж.т., екі  азаматты да  полицейлер анықтады.  Медициналық сараптаманың нәтижесімен олардың орта дәрежелі мас екендігі белгілі болды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлімімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button