
Atr.kz/21-ақпан, 2019 жыл. Қазіргі кезде Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот залдары толықтай дыбыс-бейнежазба құралдарымен жабдықталған.

Барлық сот үрдісі дыбыстық бейнежазбаға түсіру арқылы жүргізіледі. Күнделікті тәжірибе жұмыс процесі кезінде аудио-бейне жазбаны қолданудың тиімділігі өте зор екендігін көрсетіп отыр. Себебі, сот отырысында аудио-бейне құрылғысын қолдану — судьяның, сот отырысы хатшысының, прокурордың, адвокаттардың және тараптардың сот отырысының тәртібін сақтауына және сот отырыстарының уақытылы басталуына ықпал етеді.
Заманауи құрылғы сот отырысы хатшыларының жұмысын азайтуға да ықпал етіп отыр. Сондай-ақ, аудио-бейне құрылғысын қолдану — соттың мейлінше ашық екендігіне көз жеткізеді.
А. САМЕНОВА,
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы.