Жарнама
Құқық

Атырауда қылмыстың қай түрі жиі жасалатыны жарияланды

Бұл туралы Атырау қаласында «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Саировтың төрағалығымен өткен кеңестің көшпелі отырысында айтылды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

 «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің мүшесі  Абзал Құспанның айтуынша, облыс аумағында 2021 жылдан бері 152 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген,  оның ішінде 65%, яғни  100 қылмыс ауыр санатқа жатады. Ең көп қылмыс облыс орталығы мен Құрманғазы, Жылыой және Махамбет аудандарында жасалған. Қылмыстардың негізгі бөлігін парақорлық, талан-таражға салу, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану құрайды.

rg

Отырыс барысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  бойынша  жұмыстың жағдайы  және  партияның 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Атырау облыстық мәслихатының депутаты, экологиялық сарапшы Арман Хайруллин аймақтағы экологиялық мәселелерді көтеріп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерұлан Серікқалиев өңірдегі ахуалмен бөлісті.

«AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бергені үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жүргізуге, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарын орындауға формальды көзқарас танытқаны үшін облыстық  жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали,  Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев және Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовті партиялық жауапкершілігін қарауға ұсынып, партиялық сөгіс берілді.

— Біздің әрқайсымызда өзгеріс болу керек. Өзіміз өзгермей, басқалардан соны талап ететін болсақ, онда Қазақстанда ешқандай өзгеріс болмайды. Біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, екіншіден, әрбір азаматтың Қазақстан үшін қызмет етуге дұрыс позициясын қалыптастыру керек, — деді Ерлан Бияхметұлы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button