Құқық
Атырауда полицейлер пошта арқылы есірткі тасымалдаудың алдын алды
Атырауда есірткі айналымын бақылау және алдын алу мақсатында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері «Қазпошта» АҚ филиалында арнайы үйретілген иттермен пошта сәлемдемелерін тексерді.
Іс-шараның мақсаты – облыс аумағына есірткі және психотроптық заттардың заңсыз әкелінуін болдырмау, пошта арқылы тасымалданатын заңсыз заттарды анықтау. Дегенмен, тексеру барысында күдік тудыратын заттар табылмады.
Полиция бұл бағыттағы жұмыстарды күнделікті негізде жүргізіп отыратынын атап өтті.