
Құқық
Атырауда полицейлер ер адамды құтқарып қалды
Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамыз күні сағат 15:26 шамасында Атырау қаласында ер адам көпірден секірмек болды. Оқиға туралы хабар түскен сәтте Атырау қалалық полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мирас Өтепов жедел түрде оқиға орнына жетіп, ер адамды дер кезінде ұстап қалды.
Оны қауіпсіз жерге шығаруға полиция қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Фархат Базарбаев та көмек көрсетті. Нәтижесінде 41 жастағы азамат құтқарылып, жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі уақытта оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.