Жарнама
Құқық

Атырауда пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Атырау қаласының полиция қызметкерлері бірнеше рет пәтер тонаумен айналысқан күдіктілерді ұстады. Тергеу барысында 28 жастағы күдікті өзінің 26 жастағы серіктесімен бірге автокөлікті пайдаланып, ауылдық округтер мен қаланың әртүрлі аудандарындағы үйлерге түнгі уақытта терезе арқылы кіріп, бағалы заттарды қолды қылғаны анықталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар алтын бұйымдарды және басқа да құнды заттарды Ақтөбе қаласына жеткізіп, ломбардтарға өткізіп отырған.

Мысалы, бір оқиғада күдіктілер үйдің терезесін бұзып кіріп, жатын бөлмеде тұрған сөмкеден 100 мың теңге мен 40 мың теңгелік смартфонды ұрлаған. Тағы бір жағдайда алтын алқа мен ақшаны қолды етіп, 172 мың теңге шығын келтірген.

Айта кетерлігі, күдіктілердің бірі осыған дейін екі рет пәтер ұрлығы үшін сотталған. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button