Атырауда өзгенің көлігін заңсыз мініп кеткен 24 жастағы азамат бақылау камерасы арқылы анықталды

x8hf711akjy1c0ijkkx0 00k2636jqnylqu51c3qw Құқық

4 қараша күні сағат 12:22 шамасында 102 операторына 28 жастағы азаматша қоңырау шалып, сол күні сағат 11:20 шамасында белгісіз адамның Момышұлы көшесінде орналасқан емхананың алдында тұрған “Toyota Highlander” маркалы автокөлігін заңсыз жүргізіп кеткендігі жөнінде хабарлама берген.

Аталған хабарлама бойынша жедел басқару орталығының және патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде “Toyota Highlander” маркалы автокөлігі Валиханов көшесінің бойынан тоқтатылып, көлікті заңсыз жүргізіп кеткен 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Автокөлікті заңсыз айдап кету) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз