Жарнама
Құқық

Атырауда «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

19-23 мамыр аралығында қоғамдық тәртіпті тиісінше қолдау, заңсыз көші-қонды ескерту, жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау мақсатында республика көлемінде «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары шетелдіктердің өңір аумағына келуін, олардың шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылайды, ішкі істер органдарында уақтылы тіркелмеген заңсыз көшіп-қонушылар мен бұзушыларды анықтауға рейдтер жүргізеді.

Сонымен қатар іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған азаматтардың келу мерзімі қысқартылып, елден шығарылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button