Атырауда мереке күні қызмет ететін полицейлерді Департамент бастығы құттықтады

8f93eaed e844 40ec 9af8 7ed05ce9b43f Құқық

Бүгін Атырау облысы Полиция
департаментінің бастығы полиция полковнигі
Қамза Үмбетқалиев гарнизондық тарату
кезінде жеке құрамды жаңа жылмен құттықтап, мереке күндері қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.


Сондай-ақ, мереке күні қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет ететін тәртіп сақшыларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Атырау қаласындағы Жедел басқару орталығының қызметкерлеріне, модульдік стационарлық бекеттер мен учаскелік полиция пунктеріне арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.

  • Жаңа жыл мерекесінде қала көшелері мен алаңдарда тұрғындар көптеп жиналады. Басты назар қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жауапкершілікпен атқару. Құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда жедел ден қоюды ұйымдастыру қажет. Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймын, қызметтеріңізге сәттілік! – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
6c1be9f5 1e02 4774 8b19 4f8a39693f9d
41270780 47b0 4538 acbb 43d8c0d1d77d
a7982aee 2159 49de 893a c2aa858d92c9
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз