Атырауда көлік қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

572a7fbe e4e9 4d84 ba06 a77063fb80fb Құқық

Атырау облысы полиция департаменті хабарлауынша, 10 қараша күні сағат 20:00 шамасында С.Бейбарыс даңғылында әуежайға бағыт алып бара жатқан Ресей мемлекетінде тіркелген “Kia Serato” маркалы көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 1981 ж.т., ер адамды қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. 

Аталған автокөліктің 1993 ж.т., жүргізушісі ұсталып, қазір көлік арнаулы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз