Жарнама
Құқық

АТЫРАУДА КӨЛІКТЕРДІ ТҰРАҚҚА ӘКЕТУДЕ…

Атырауда шетелден заңсыз әкелінген автокөліктер тексерілуде.

Қазақстан аумағында Еуразиялық одаққа кірмейтін мемлекеттерден көлік әкелу үшін тиісті төлемдерді өтеп, темір тұлпарды өз атағына аудару қажет. Алайда, қазіргі уақытта талапқа бағынбай, Грузия мен Абхазиядан әкелген темір тұлпарларын заңсыз басқарып жүрген жүргізушілер көп. Осыған орай облыстық Полиция және Кірістер департаменттерінің өкілдері арнайы рейдтік іс-шара өткізуде, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кедендік әкімшілік басқармасының бөлім басшысы Рүстем Жайлашевтің айтуынша, ел азаматтары тек Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейден әкелінген көліктерді ғана тізгендей алады. Ал, халық жаппай көлік әкеліп жатқан Грузия мемлекетінен темір тұлпарды тек кедендік рәсімдерден өткізіп ғана, жүргізуге болады.

— Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерден келген көліктерді тек сол елдің азаматтары бір жылдан аспайтын уақытта Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ғана тізгіндей алады. Осыған дейін бірнеше рет ескерту шараларын жүргіздік. Қазіргі кезде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде заңдастырылмаған көліктер ұсталып, арнайы автотұраққа қойылды, — деді Р.Жайлашев.

Екі күннің ішінде қалада заңсыз жүрген 5 теміртұлпар иесі тоқтатылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Азаматтардың арнайы автотұраққа қойылған автокөліктерін кері қайтарып алу үшін, көліктің Грузия немесе Абхазиядағы бұрынғы иесін шақырып, тиісті құжаттар жасақтау қажет. Сонда ғана ел аумағында емін-еркін жүруге болады.

Atr.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button