Жарнама
Құқық

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Атырау облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды анықтады. Тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ долларын құрайтын 175 дана жалған 50 долларлық купюра табылып, тәркіленді. Оның шет мемлекеттерден көлік әкелумен сататындығы анықталды. Қазір күдіктінің жалған ақша қаражаттарын қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексерілуде. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдіктіге қатысты шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button