Жарнама
Құқық

Атырауда есірткіге қарсы күрес жұмыстары күшейтілді

Өңірде есірткіге қарсы күрес жұмыстары қарқын алды. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халық көп жүретін қоғамдық орындарда есірткінің зияны туралы парақшаларды ілді. Сондай-ақ парақшалар автобустарға да жапсырылды. Мұнда есірткінің зияны мен заңсыз айналымы туралы ақпарат, сондай-ақ полицияға анонимді түрде хабарласу үшін байланыс нөмірлері көрсетілген. Бұл іс-шара 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрес жоспары аясында іске асырылуда.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, подполковник Марьяна Жанғалиева бұл іс-шаралар мұнымен ғана шектелмейтінін айтты.

– Біз еріктілердің қолдауымен парақшаларды сауда орталықтары, кинотеатрлар және өзге де көпшілік орындарда таратамыз. Бұл тәсіл арқылы кең аудиторияны қамтып, қажетті ақпаратты мүмкіндігінше көпшілікке жеткізуді мақсат еттік, – деді ол.

Айта кету керек, аталған акция халық арасында есірткіге қарсы күрес мәдениетін арттыруды көздейді.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button