Жарнама
Құқық

Атырауда есірткі сатпақ болған 27 күдікті ұсталды

Бүгінде Атырау облысы аумағында есірткі айналымы мен саудасының жолын кесу бағытында облыс прокуратурасының үйлестіруімен өзге де құқық қорғау органдары бірлескен жедел-іздестіру шаралары ұдайы ұйымдастырылуда.

Бұл мәселенің өзектілігі туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда нақтылап маңызын айтқан еді.

Мәселен, жыл басынан бері Атырауға Алматы және Ақтөбе облыстарынан синтетикалық есірткі жеткізбек болғандардың 2 тасымалының жолы кесілді. Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткінің фитолабораториясын ұйымдастырған 2 күдікті анықталып, ұсталды. Олар тұрғын үй ішінде арнайы желдеткіштер мен жарық және суару жүйелерін орнатып қарасора, марихуанна өсімдіктерін өсіріп, есірткі айналымын жүзеге асырмақ болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде олардан 100-ден астам есірткі өсімдіктерінің бұтақтары тәркіленген.
Айта кету керек, Атырау облысы аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығып сату әдісі арқылы өткізбек болғандардың басым бөлігі еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындары, 18-35 жас аралығындағы жастар. Олардың барлығы дерлік оңай олжаға кенелуді ойлап, түрлі желілер мен сайттардағы жоғары жалақысы бар жұмыс деген жалған жарнамаларға сеніп келген. Мәселен, жыл басынан бері Атырауда есірткіні жасырын тығып сатпақ болған 27 күдікті ұсталды. Олардың дені Павлодар, Астана, Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Қызылорда және Орал қаласының тұрғындары. Күдіктілер мұндай қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазасы көзделгенінен де бейхабар болған. Көбі темір торға жабылған соң ғана өкінетінін айтуда.

Атырау облысының прокуратурасы тұрғындардан есірткінің заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе куә болсаңыз бірден құзырлы органдарға хабарлау керектігін ескертеді. Еліміздің есірткісіз болашағын сіз де қолдаңыз!

Сурет: kaztag.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button