
Құқық
Атырауда «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Атырау облысы аумағында 1-28 ақпан аралығында «Браконьер» өңірлік жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған. Мәселен, сауда-саттық орталықтарына, базарларға келген тұлғалардың заңсыз ауланған балықтарды, жануарларды өткізу, сату, алу іс-әрекеттерін анықтау мақсатында рейдтер өткізілуде.
Атырау облысы полиция департаменті аң, балық аулау және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.