Жарнама
Құқық

Атырауда балалардың құқықтарын шенеуніктер мен полицейлердің бұзғаны анықталды

Жыл басынан бері Атырау қаласының прокуратурасы 200-ден астам балалардың құқықтарын қорғады. Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның 24 қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Мысалға, полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қорғаушының қатысуынсыз әкімшілік хаттамалар жасақтаған. Прокуратураның наразылығы негізінде 197 хаттамалардың күші жойылды.
Сонымен қатар мүгедектігі бар үйден оқитын балаларға жәрдемақы төленбегені, сондай-ақ заңмен белгіленген нормаларға сәйкес жетім балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үй кезегіне қоймағаны туралы деректер анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 3 жетім бала тұрғын үй алуға кезекке тұрғызылды, 7 мүгедектігі бар үйден оқитын балаларға жәрдемақы төленді.

Прокуратураның араласу нәтижесінде жетім балалар мен мүгедектігі бар балалардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Бұдан басқа, прокурорлар теріс мазмұнды және өз-өзіне қол жұмсау, есірткі құралдарын насихаттайтын 85-тенжоғары зиянды интернет-сайттарды, чаттарды және әлеуметтік желідегі парақшаларды бұғаттады.

Аталған бағыттағы жұмыстар күнделікті бақылауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button