Жарнама
Құқық

Атырауда бағдаршамға тоқтамаған көлік аударылып қалды

Атырауда автокөлік бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткеннен кейін жол апатына ұшырады.

«Оқиға 26 тамыз күні сағат 10:30 шамасында Тайманов пен Гагарин көшелерінің қиылысында болған. Renault Logan автокөлігін басқарған жүргізуші бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткеннен кейін, Lada Granta көлігіне барып соқтығысқан. Соққы салдарынан Renault Logan көлігі аударылып қалды. Абырой болғанда, жарақат алғандар жоқ. Жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті құжаттар жинақталуда» делінген облыстық ПД хабарламасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button