Атырауда әскери қызметшілер жұмысқа шақырылуда
Атырау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігіне қарасты 99245 әскери бөліміне (Аумақтық қорғаныс бригадасы) Қазақстан Республикасы азаматтарын келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдайды.
Қойылатын талаптар:
— 1 жыл әскери мерзімді өтеп келген азаматтар;
— денсаулығымен жарамды;
— жасы 32 жасқа дейінгі;
— орта және жоғары білімі бар.
Әскери қызметшіге мемлекет тарапынан төмендегідей келесі әлеуметтік қолдау көрсету қарастырылған:
— ҚР ҚМ әскери қызметшіге әскери жоғары оқу орнына түскен жағдайда 50% төлемін жасау;
— әрбір отбасы мүшесіне тұрғын үй ақысына қаржылай қаражат бөлінуі;
— Қазақстанның кез келген аумағынан тұрғын үй ( пәтер, үй) алу шарты «ОТБАСЫ БАНК» алу мүмкіндігі;
— 45-48 жас аралығында зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі;
— тегін медициналық сақтандыру;
— киім кешекпен қамтамасыз ету.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (7122) 52-38-92.