Жарнама
Құқық

Атырауда 573 миллион теңге ұрлаған емхана бухгалтері сотталды

Атырау қаласының №2 сотында емхананың бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған 573 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын иемденгені және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін айып тағылған.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауыншa, 2012-2023 жылдар аралығында Атырау қалалық емханасының бас бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, мемлекеттен бөлінген қаражатты өз есеп-шоттарына аударып келген. Жалпы сомасы 573 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты заңсыз иемденілген. Сонымен қатар, ол осы қаражатты заңдастыру үшін қаржылық мәмілелер жасаған. Келтірілген залалдың тек 3 миллион теңгесі ғана өтелген.

Прокурор соттан бухгалтерге 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, өкініш білдірді. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, қылмыстық жолмен алынған мүлікті мемлекет пайдасына тәркіледі. Сонымен қатар, ол 10 жыл бойы материалдық жауаптылықты талап ететін қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button