
Атырауда 431 мопед көлігі тіркеуге қойылды
5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге жатқызылып, оларды тіркемей және құқықсыз пайдалануға тыйым салынады. Өзгерістерге сәйкес мопедті алдын ала тіркеп, қажетті жүргізуші куәлігін алу қажет.
Қазір Атырау облысында 431 мопед тіркеуге қойылған. 5-ші сәуірден кейін тіркелмеген мопед жүргізушілері белгілінген заңдылықтарға сәйкес «Мемлекеттік белгісі жоқ күйде басқарғаны үшін» әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Биыл 5 сәуірден бастап тіркеу қағидаларына және «Жол қозғалысы туралы» Заңына түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап 50 текше метрлік мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Осындай көлікті басқару үшін жүргізуші А1, А немесе В санаттарындағы жүргізуші куәлігін алып, ал мопедте мемлекеттік нөмірлер, сақтандырудың болуы маңызды. Сонымен қатар техникалық тексеруден өткізілуі қажет, — дейді облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Процессингтік орталығының бастығы Жеңіс Дәулетов.
Айта кету керек, мопед көлік құралдарын тіркеуге байланысты ақпарат алғысы келгендер 98-13-15, 98-13-14 байланыс нөмірлеріне хабарласына болады.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ