Жарнама
Құқық

Атырауда заңсыз жалға берілген 20-дан астам пәтер анықталды

Бұл заң бұзушылықтар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқан «Учаске» іс-шарасы кезінде белгілі болды. Халық арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау, анықтау, жолын кесу, әкімшілік учаскені аралау, көп қабатты және жер үйлерді тексеру, құзырлы органдарда есепте тұрған адамдарды қадағалау мақсатында қолға алынған жұмыс 2 қыркүйекте басталған.

№2 Атырау қалалық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция майоры Талғат Сисенғали Атырау қалалық №2 полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірге жергілікті тұрғындармен жолығып, оларға күзетші немесе бейнебақылау камераларының тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мәселен, атыраулық полицейлер 10 қыркүйек күні Атырау қаласының «Мирас» шағынауданында азаматтық қару сақтау ережелерін бұзған 1959 жылы туған ер адамды анықтады. Тексеру барысында ИЖ-27е қару иесінің рұқсат құжатының мерзімінен өтіп кеткендігі белгілі болды. Аталған оқиға бойынша тиісті заңдылыққа сәйкес әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, жедел профилактикалық іс-шарасы басталғалы учаскелік полиция инспекторлары 44 тұрғын үй, 55 көп қабатты пәтер, 40-қа жуық есепте тұрған азаматты тексеріп, заңсыз жалға берілген 20-дан астам пәтерді анықтады.

Айта кету керек, «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы 31 қазанға дейін жалғасады.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: info.homsters.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button