Жарнама
Құқық

Атырауда 18 тоннадан аса балық тәркіленді

Акция басталғалы бергі ай жарым уақыттың ішінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 901 дерегі анықталып отыр.

    Бұл туралы мәлімдеген Жайық-Каспий бассейнаралық балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег  Тушкановтың айтуынша, осы кезеңде табиғат қорғау заңнамасын бұзған 675 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде, 41-і бойынша жинақталған материал сотқа жолданып 39-ның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Кінәлі деп танылған тұлғаларға жалпы сомасы 14,4 млн.теңге көлемінде айыппұл салынған.

    –Тұтастай алғанда, балық қорғау инспекциясы, балық қорына қарсы күрес полициясы басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен браконьерлерге барлығы 18,4 тоннадан астам (оның ішінде, 1 201,3 келісі бекіре тұқымдас балықтар) «су маржаны» , 493 бірлік балық аулау және 104 жүзу құралы тәркіленді, — деді инспекция өкілі.

    Одан бөлек, осы кезеңде өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті сүзу жұмыстарының нәтижесінде жалпы ұзындығы 1 650 шақырымға жуықтайтын  116 бірлік заңсыз пайдаланудағы балық аулау құралы браконьерлерден тартып алыныпты. Соған қарағанда, әлі де болса  заңның талабын белден басып, табиғат байлығына көпе-көрінеу қол сұғушылардың азаймай тұрғандығы аңғарылады.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button