Жарнама
Құқық

Атырауда 105 түйіншек есірткі тәркіленді

Облыста «Қарасора-2025» және «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны Атырау қаласының аумағында жасырын есірткі тасымалдаумен айналысқан. Күдіктінің мекенжайын тінту кезінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ салынған бірнеше зип-пакеттер, сондай-ақ оның көрсетуімен жасырылған 105 түйіншек және 3 ірі зип-пакет табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижесінде алынған заттардың 148,75 грамы «Альфа-PVP», 80 грамы «Мефедрон» екені анықталды.

Қазір күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша тиісті заңдылыққа сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

А.ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button