Жарнама
Құқық

Атырауда экологиялық құқықты бұзғандар 64 млн. жуық айыппұл төлеген

Атырау облысы аумағында экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, анықтау, жолын кесуге бағытталған Полиция департаментімен құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып профилактикалық іс-шаралар өтті.

2024 жылы барлығы 11 301 құқық бұзушылық фактісі анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы объектілері аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша 3 607 әкімшілік хаттама толтырылып, 8 284 910 теңге көлемінде айыппұл (өндірілгені 7 123 312 теңге) салынды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы ортақ пайдаланатын орындарды ластау негізінде 7 694 әкімшілік хаттама толтырылып, 148 228 842 теңге айыппұл салынып, 63 966 833 теңге өндірілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button