Жарнама
Құқық

Атырау қаласының жаңа бас полицейі тағайындалды

Республика Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция подполковнигі Бақтыбек Исаев тағайындалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақтыбек Бақтығалиұлы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол – Орталық-Азия университетінің түлегі. Құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Бірнеше басшылық лауазымдарды атқарған Б.Исаев жаңа қызметіне дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет еткен.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button