Жарнама
Құқық

Атырау облысында заңсыз қоқыс төгілген 107 орын анықталды

Атырау облысында заңсыз қоқыс төгілген 107 орын анықталды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов хабарлады.

–Биыл «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰҚ» АҚ деректеріне сәйкес, аймақта рұқсатсыз қоқыс төгудің 107 орны тіркеліп, тиісті жұмыстардың нәтижесінде бүгінде оның 91-і тазаланды. Анықталған деректердің 9-ы Махамбет, 2-еуі Мақат ауданына қатысты болса, 35-і Жылыой өңірінің Құлсары қаласына қарасты. Ал 61 орын Атырау қаласына тиесілі. Сондай-ақ Атырау қаласында, Махамбет  және Жылыой аудандарында әрқайсысында бір жағдайдан полигонның рұқсат етілген жерлерінің шекарасынан шығып кеткен деректер анықталып, ескерту нәтижесінде бұл аймақтардағы қоқыс толық тазаланды, — дейді Ә.Бекмұхаметов.  

f039947e 74bd 4604 914e 0cd05a16314d

Облыстың бас экологы тұрғындардың қоқысты кез-келген жерге емес, арнайы полигондарға төгуі маңызды екенін айтап айтты.

–Табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет. Сондықтан тұрғындар айналаны бүлдірмей, қоқыс тастау мәдениетін арттырғаны жөн. Облыс аумағында барлығы 55 полигон бар. Оның ішінде 8-і қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алынған полигон ретінде пайдаланылуда, ал қалғаны уақытша қоқыс сақтау алаңдары ретінде қолданыста.

229c13f0 4dff 45c7 8e57 9bb7e22bdf3a

Рұқсаты рәсімделген қоқыс төгетін орындар – Атырау қаласында «Арнаулы автобаза» ЖШС, «Вест Дала» ЖШС, Құрманғазыда «Таяшев» ЖК, Исатайдың Аққыстау поселкесінде «Рысбаев У.» ЖК және «Исатайгазқұрылыссервис» ЖШС, Жылыой ауданындағы «Жылыой Тазалық» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Экоқала ХХІ» ЖШС, — дейді Әлібек Мұратұлы.

Айта кету керек, биыл экологиялық рұқсатсыз және сараптама қорытындысыз жұмыс жасаған 7 полигонның (Өрлік, Бөдене, Елтай, Жарсуат, Көктоғай, Индербор ауылдық округтерінің және Мақат кентінің полигондары) шаруашылық қызметі сотпен тоқтатылды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button