Жарнама
Құқық

Атырау облысында вагондарды жөндеу қызметтерінің бағасы төмендетілді

«РТИ-АМӨЗ» ЖШС вагондарды жөндеу қызметтерінің бағасын 10-12 %-ға төмендетті деп хабарлайды atr.kz ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп, «РТИ-АМӨЗ» ЖШС қызметін тексеру кезінде монополиялық ережені теріс пайдалану, монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, ұстап тұру және әртүрлі бағаларды қолдану бөлігінде бағалар немесе баламалы келісімдерге әртүрлі шарттар (вагондарды беру және жинау шарттары бойынша, сондай-ақ ағымдағы ағытпалық жөндеу бойынша жұмыстарды орындау бойынша) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін анықтаған.

«Департамент «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-не қатысты вагондарды жөндеу қызметтеріне монополиялық жоғары бағаны белгілеуде, қолдауда және әртүрлі бағаларды не баламалы келісімдерге әртүрлі шарттарды қолдануда монополиялық ережені теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды. «РТИ-АМӨЗ» ЖШС ұйғарымды вагондарды ағымдық ағытпалық жөндеу және ағымдық ағынсыз жөндеу қызметтерінің бағасын 10-12% — ға төмендету жолымен орындалы. Сондай-ақ вагондарды беру және жинау, сондай-ақ ағымдық ағытпалық жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде шарттардың талаптарына сәйкес келтірілді», — делінген агенттік хабарламасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button