Жарнама
Құқық

Атырау облысында соңғы тоғыз айда 753 тұлға көлік басқару құқығынан айырылған

Осы жылдың 9 айында Атырау облысы соттарында 753 тұлғаға қатысты көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған. Бұл туралы Атырау облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Тәтті Уәлиева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

  — Биыл көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару немесе осындай күйдегі адамның басқаруына берген 527 тұлға анықталып отыр. Бұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша құқық бұзу. ӘҚБтК 596-бабы, яғни көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу бойынша 108 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды, — деді Т.Уәлиева. 

Сонымен қатар, ӘҚБтК 590-бабымен  25 тұлға, 610-бабымен 37 тұлға, 613-бабымен 18 тұлға, 611-бабымен 5 тұлға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабымен 33 тұлға кінәлі деп танылған. Айта кетейік, ӘҚБтК баптарымен қаралған істер бойынша 6 ай мен 8 жыл аралығында жүргізуші куәлігінен уақытша айыру жазасы тағайындалған.

Ал облыстық ПД-нің хабарлауы бойынша, мас жүргізушіні анықтау рейдтік жұмыстары күнделікті жұмыс жоспарына енгізілген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button