Жарнама
Құқық

Атырау облысында былтыр 7 қарақшылық дерегі тіркелді

Бұл туралы atr.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Атырау облысында былтыр 7 қарақшылық дерегі тіркеліп, барлығы ашылған.

Оның ішінде микро-қаржы кеңесіне қарақшылық жасаған -1, букмекерлік лото клубта — 1 және жеке адамдарға жасалған қарақшылық деректерінің күдіктілері ізін суытпай ұсталып, қамауға алынған.

Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

Бүгінгі күні Атырауда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №66 түзету мекемесінде қарақшылық дерегімен 33 азамат өз қылмысының жазасын өтеуде.

Оның ішінде: 18 атыраулық, 14 ақтаулық, 1 Жамбыл облысының тұрғыны  қамалған. Олар 1 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Фото: freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button