Жарнама
Құқық

“Атырау-Астрахан” тас жолында жүк көлігі 9 түйені қағып кетті

“Атырау-Астрахан” тас жолының 814 шақырымында Әзербайжан Республикасында тіркелген жүк көлігі қараусыз жүрген 9 түйемен соқтығысып, жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға салдарынан адам зардап шеккен жоқ. Жүк көлігінің жүргізушісі медициналық сараптамадан өтіп, оның сау екені расталды.

Қазір бұл жағдай бойынша тиісті құжаттар жиналып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты шектен тыс асырмауға және қараусыз жүрген малдан сақ болуға шақырады.

Айта кету керек, оқиға 28 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында орын алған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button