Жарнама
Құқық

АТЫРАУҒА КЕЛУШІЛЕР КӨБЕЙДІ

 

— Көші-қон полициясының жұмысы облыс аумағына келген шетелдіктер арасында әкімшілік құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алуға бағытталған. Жергілікті жер бойынша айтсам, жалпы облыстағы көші-қон ахуалы тұрақты, — дейді облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі  Берік Амангелді.

Қазыналы аймаққа келушілердің көбеюі оңды көрініс көрінгенімен, оның келеңсіз тұстары да аз болмай тұр. Биыл тәртіп сақшылары шетелдіктер тарапынан  жасалған үш мыңнан астам  (өткен жылдың осы мерзімінде бес мыңнан астам болған) әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың арасында еліміздің көші-қон заңдылықтарын бұзған алыс шет елдерден келген 53 (136) адам, ТМД елдерінің 3194 (4888) тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биылғы жыл басынан жүзден астам шетелдік көші-қон заңдарын бұзғаны үшін еліміздің  аумағынан тысқары шығарылды.

Көші-қон полициясы басқарма басшысының айтуынша, республика аумағында  тіркеусіз,  жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұратындардың саны азаймай тұр. Осындай 800-ге жуық адам анықталды. Сонымен қатар, өзінің мекен-жайында тұрмайтын жанды сол мекен-жайға тіркеуге жол бергендер, шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану тәртібін бұзғандар да жазасыз қалмауда. Еліміздің көші-қон заңдылықтарын бұзғандарға жалпы сомасы  43 млн. теңгеден астам айыппұл салынып, күні бүгінде оның  94,5 пайызы өндірілді.

Дегенмен, полицейлерді  көшіп  келушілердің арасында арам ойлы адамдардың бары да алаңдатады.

— Өкінішке орай, шетел азаматтарының арасында қылмысқа күдіктілері кездесіп қалады.  Жыл басынан бері облысқа келген шетелдіктер тарапынан жасалған 20 (былтыр 36 болатын) қылмыс тіркелді. Сонымен қатар, шетелдіктерге қатысты 22 (былтыр 44) қылмыс жасалды. Көші-қон саласы бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды, — дейді Берік Амангелдіұлы.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button