Жарнама
ҚоғамҚұқық

Атыраулық тұрғын қоян атамын деп ақшасынан айрылды

Атырау облысында қоян аулауға шыққан аңшыға 45 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

1464761500_lepus-timidus

Баспасөз қызметіндегілердің  мәліметінше, құқық бұзушы ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы калибрi 4,5 миллиметрден асатын қаруды заңсыз сақтаған. Сонымен қатар ол 2017 жылдың 20 желтоқсанында сағат 01:00 шамасында қарумен және 14 дана оқ-дәрімен қоян атып жүрген жерінен Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауылы маңында балық ресурстарын қорғау және орман шаруашылығы инспекторларына ұсталған.

Атырау облысының Индер аудандық сотында құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылды және қаруы тәркіленіп, 45 380 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button