Құқық
Атыраулық азамат жалған терроризм жасады деп күдіктелуде
Атыраулық азамат жалған терроризм жасады деп күдіктелуде. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Күдікті азамат қылмыстық кодекстің 273 бабымен, яғни дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін айыпталып отыр.
Ол 2016 жылы дәл осындай қылмыс жасағаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ал, 2018 жылдың 18 мамырында сағат 10.17 шамасында Атырау қаласының ІІД жедел басқару орталығының «102» нөміріне қоңырау шалып, қаладағы Лазо көшесінде орналасқан «Gallant» дүкенінің алдында жарылғыш зат орнатылғандығы туралы жалған ақпарат берді деп күдіктелуде.
Тергеу судьясы айыпталушы азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына екі айға санкция берді.
Хорлан Смадияр