
Құқық
Атырауда ер адам балдызының үйін өртеп жіберді
Жұбайымен жанжалдасқан атыраулық ер адам балдызының үйін өртеп жіберді, — деп хабарлайды Atr.kz Атырау облыстық баспасөз қызметінде сілтеме жасап.

Сот материалдарында көрсетілгендей, араққа тойып алған тұрғын сіңлісінің үйіне қонаққа кеткен әйелін іздеп барады. Ол жерден жұбайын таппаған соң ол әйелінің телефонына өзін-өзі өртейтіні туралы хабарлама жіберген. Алайда мас жігіт өзіне емес, балдызының үйіне от қояды. «Салдарынан 4 774 009 теңге зиян келтірді», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Шығынның орнын толтырып, жәбірленушіден кешірім сұрауына байланысты сот атыраулық азаматқа 5 жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Хорлан Смадияр