Жарнама
Құқық

«ӘРҚАШАН МҰҚИЯТ БОЛ!»

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары өткізген бұл жиынға дәрігерлер, жол полициясы қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесінің травматолог-дәрігері Сергей Хванның айтуынша, соңғы жылдары балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақат алу дерегі біршама өскен көрінеді. Тек биылғы жылдың бірінші тоқсанында жол-көлік оқиғасы жарақатымен 42 бала тіркелсе, оның 8-і ауруханаға ауыр жағдайда түскен.  34 бала күндізгі емханалық жолмен емделсе, 4 бала жабық ми-бас сүйегі жарақатын, ал бір бала ашық ми-бас сүйегімен түсіп, хирургиялық жолмен ем алды. Маман балалардың жарақат алу дерегі көбіне жаз, күз айларында тіркелетіндігін айтады.

— Жол қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан балалар мен жасөспірімдер әртүрлі дене жарақаттарын алып жатады. Былтыр осындай 120 жағдай тіркелсе, ағымдағы жылы 53 жол қауіпсіздігін сақтамау оқиғасы тіркелді. Әсіресе, балалар жазғы каникул кезінде уақытының көбін далада өткізеді. Осы кезде балалар ата-аналардың назарында болуы керек. Көп жағдайда балалар доп қуалап жүріп абайсызда жолға шығып кетеді немесе бағдаршамға қарамай жол ережесін бұзып, қайғылы жағдайға душар болады. Балалар мен жасөспірімдердің өмірін сақтау бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, — деді облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясының инспекторы Арман Меңдалиев.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Гүлнұр Смағұлова, Ләззат Сұлтанова балалар мен жасөспірімдердің жол қозғалысындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажеттігін, сондай-ақ, кешкілік сағат 23.00-ден бастап, әсіресе, жоғары сынып оқушыларының заңды тұлғасынсыз жүруіне болмайтындықтары айтылды.

 Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button