Жарнама
Құқық

Антикор революциялық шараларды енгізуге ниетті

Антикор бизнесті жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін революциялық шараларды енгізуге ниетті.

Бұл туралы бүгін Атырау қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнес саласындағы парасаттылықты арттыру мәселелері бойынша облыстың бизнес-қоғамдастығымен кездесуде мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлық, ең алдымен, экономикалық проблема. Адам құқық бұзушылыққа не пайда табу мақсатында, не өз мәселесін арзан әрі жылдам шешу үшін барады. Сондықтан Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлық материалды тұрғыдан тиімсіз болатын жағдайлар жасалған. Бұл мемлекеттік қызметшілерге де, азаматтарға да, бизнеске де қатысты. Бизнеске қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу бойынша бірқатар шаралар ұсынылады. Бұл келісім-шарттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер, компаниялардың бенефициарлық меншік иелерінің ашықтығы, контрагенттердің адалдығын бағалау және ықтимал сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиті.

Парасатты бизнесті қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында Тұжырымдама жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ерікті түрде енгізу бойынша шаралар блогы көзделген – компаниялардың өнімдерін «таза толқын» белгісімен таңбалау, тіркелгеннен кейін бірінші жылы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді сүйемелдеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың ішкі бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, контрагенттермен жасалған шартқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені енгізу және басқалар, — деп атап өтті С.Ахметжанов.
Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті заңсыз араласудан қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдағанын атап өтті. Алгоритм әзірленді, ол бизнестің мүдделерін қозғайтын кез келген тергеу әрекеттерін қосымша келісуді көздейді.
Агенттік қызметкерлері мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылып, жедел ақпарат алу және бизнестің шағымдары бойынша мәселелерді жедел түрде қарау мақсатында құрылды. Топ тексеру бойынша шағымдарды және кәсіпкерлерге қатысты басқа мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы өтініштерді қарайтын болады.
С.Ахметжанов өзінің қорытынды сөзінде бизнесті қорғау Антикор жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button