АМӨЗ-бен байланысты компаниялардың бұрынғы басшылары ұсталды
KARABATAN UILITY SOLUTIONS ЖШС-нің бұрынғы басшысы Қанат Ахметов пен «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ басқарма төрағасы Болатхан Сандықбаев ұсталды. Бұл екеуі Атырау мұнай өңдеу зауытына электр энергиясын сату кезінде қомақты қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Мұны YEDILOV ONLINE telegram-каналы хабарлады.
Ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, жалпы келтірілген шығын көлемі – 200 миллион. Алдын ала мәліметтер бойынша, Атырау мұнай өңдеу зауытына электр энергиясы Karabatan Power ЖШС арқылы сатылған.
Аталған компания тоқты KARABATAN UILITY SOLUTIONS ЖШС-нен сатып алып, оны Атырау мұнай өңдеу зауытына қымбат бағаға қайта сатқан. Бұдан түскен пайданы басшылар көрген. «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ Басқарма төрағасы Болатхан Сандықбаев қызметінен осы жылдың қаңтар айында босатылған еді.