Жарнама
Құқық

ӘЛІШЕРДІҢ АЛҒЫРЛЫҒЫ

 …Ақпан айының қақаған суық күндерінің бірі болатын. Әдеттегідей кешкілік жаттығу залынан шыққан Әлішер №2 маршрутпен келе жатқан. Оның назарын әлдебір ұялы телефонмен әуреленіп отырған үш жас жігіт аудартпай қоймады.  Сезіктілердің  әрбір қылығын жас жігіт сыртынан бақылап отырады. Көп кешікпей бейтаныс бойжеткен автобусқа мініп, сөмкесінен әмиянын алады да, жолақысын төлейді. Осы тұста әлгі жігіттердің бірі бойжеткенге орын береді. Бейтаныс қыз өзіне ұсынылған орынға отыра бергенде,  сезікті  жігіт оның сөмкесінен әмиянын ұрлап үлгереді. 

Жігіттердің әрбір іс-әрекетін бақылап отырған Әлішер еш ойланбастан әлгі жігітті ұстап үлгереді. Бірақ, әккі қалташы қолындағысын лезде жерге тастап жіберді. Қандай жолмен болса да сытылып шықпақшы болған қалташыға Әлішер мүмкіндік бермеді. Кезекті аялдамаға жақындағанда ашылған есіктен оның қос сыбайласы шыға қашады. Ал, автобус салонынан ұсталған күдіктіні Әлішер шақыртып үлгерген әріптестері маршруттан түсіріп алып, Атырау қалалық ішкі істер бөліміне алып барады. Күдікті қаладағы Вокзал маңы шағынауданының 1989 жылы туған тұрғыны екені анықталады.  Қоғамдық көлікте орын алған оқиғаны куәгер ретінде Әлішер растап береді. Осылайша, қылмыскердің заң алдында жауап беруіне тура келген.

Өз қызметіне адалдық танытқаны үшін Әлішерге басқарма әкімшілігі тарапынан сыйақы да тағайындалды. Ол 2011-2012 жылдар аралығында ҚР Қарулы Күштер қатарында қызмет атқарған. Одан келген соң Алматы қаласындағы ҚР Ішкі істер министрлігі училищесінің тыңдаушысы болған. Сол жылдың тамыз айынан бастап Атырау облысының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде полиция батальонының сарбазы болып қызмет атқарып келеді. Өз ісіне шын берілген полицей негізгі қызметіне қоса тайбокс спортымен айналысады. Республикалық деңгейлерде ұйымдастырылып жүретін түрлі байқаулар мен сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. 

Елдің тыныштығы қоғамдық тәртіпті сақтаудан басталады деп түсінген Әлішер өз міндетін әркез үлкен жауапкершілікпен атқаруда. Сол үшін де көпшілік оған алғысын айтып, ақ батасын береді. 

Қайыржан ДҮЙСЕНБАЕВ,                   
 Атырау облысының «Мамандандырылған күзет қызметі 
басқармасы» мемлекеттік мекемесі кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button