Алғабаста көліктен денесін шығарған жастар айыппұл арқалады

screenshot 20220528 224725 Құқық

Мектеп бітіргенімізге 3 жыл”: Атыраулық полицейлер жол ережесін өрескел бұзғандарды анықтады.

27 мамыр күні Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алғабас ауылында орналасқан спорт мектебінің тұсында көліктің терезесінен денелерін шығарып, маневр жасау қағидаларын бұзған Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушыларын анықтады.
Тексеріс кезінде жол ережесін өрескел бұзған Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы өздерінің мектеп бітіргендеріне 3 жыл болғанын атап өтіп жүргендігін айтқан.

Аталған автокөліктің 2002 ж.т., жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабының 1 бөлімімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлімімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) әкімшілік хаттама жасақталып, 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал, көліктен денесін шығарған 2001 ж.т., және 2002 ж.т., екі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615 баптың 1 бөлімімен (жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 6 026 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз