ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУҒА – БАСА НАЗАР
(Қазақстан Республикасының
Конституциясы 28-бап, 1-тармақ).
Ата Заңның белгіленген бабына сәйкес, елімізде зейнетақы жүйесін реформалау жүргізіліп, 2013 жылы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа заң қабылданды. Заң талабына сәйкес, 1998 жылға дейінгі мерзімге тиісті еңбек өтілі бар болған жағдайда, (ер-азаматтың 25 жыл, әйелдің 20 жыл еңбек өтілі болса) еліміздің әрбір азаматына ең төмен зейнетақы мөлшерiн тағайындау карастырылған.
Сонымен қатар, жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда жәрдемақы төлеу кепілдігін реттеуде мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алу құқығы жасақталды. Оған сәйкес мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы және жасына байланысты жәрдемақылардың мөлшерлері республикалық бюджет есебінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерімен әлеуметтік топтарына қарай есептеледі.
Бұл ретте елімізде жоғарыда аталған топтарға жататын азаматтардың құқығы толықтай қорғалған. Әрбір азамат өзіне тағайындалған зейнетақы, жәрдемақымен қамтылып келеді. Бүгінде облыста 50 мың 760 – зейнеткер, асыраушысынан айырылған – 6 мың 286, мүмкіндігі шектеулі 15 мыңнан аса азамат өздеріне тиісті сомаларын алуда.
Рысты ҚАЛИЕВА,
«Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталығы»
Атырау облыстық филиалының
бөлім бастығы, заңгер.