Жарнама
Құқық

Әйел құқығы басты назарда

Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенділік» халықаралық акциясы басталды. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Осы орайда Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасында қызметкерлер мен жеке құрамның қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Ұжымдық басқосуда отбасылық құндылықтарды насихаттау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыбы талқыланды.

Қоғамда айтуға ауыз бармайтын, бірақ айтпасқа амал қалдырмайтын әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылықтың бар екені жасырын емес. Ғаламторды ашсақ болды, әлсіздерге әлімжеттік жасаған оқиғаларды көріп қаламыз.

Еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жойылуы үшін «заң мен тәртіп» қағидаты орнығуы тиіс екенін атап көрсеткен Мемлекет басшысы – биыл «Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы» заңға қол қойды. Президент халыққа арнаған әр Жолдауында заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажетін, сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресу керектігіне үнемі назар аударып келеді.

Дөңгелек үстелде қызметкерлерге «Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы» заңға енгізілген өзгерістердің жаңашылдықтары айтылып, әйелдердің құқықтары түсіндірілді.

Басқарманың әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімінің маманы Гүлжансара Мұхтарова қыз-келіншектерді өз құқықтары туралы заңдылықтарданхабардар етті.

– Заңдағы өзгерістер әйелдердің қауіпсіздігін, отбасының тұтастығын қамтамасыз ете алады деп сенемін. Сондай-ақ «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған, әр ата-ана бала тәрбиесіне көңіл бөлу керек. Ұлды да, қызды да кішкентай кезінен жауапкершілікке, отбасылық құндылықтарды қадірлей білетін адам болуға лайықтап тәрбиелеуге көңіл бөлгеніміз жөн, — деді спикер.

Басқармадағы «дөңгелек үстел» қоғамдағы отбасының ролін нығайтып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеуге бағытталды. 

Құрманәлі ЖҮНІСБЕКОВ,

Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы, подполковник

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button