
Құқық
Әйел адамды өлтіруге оқталған күдікті Ақтау қаласында ұсталды
Облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде әйел адамды өлтіруге оқталған күдікті қолға түсті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1995 жылы туған ол Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Айта кету керек, бұған дейін хабарлағанымыздай, күдікті мен 33 жастағы жәбір көрген әйел бұрын азаматтық некеде болған.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА