Жарнама
Құқық

Адам өлтірген атыраулық 10 жылға сотталды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіргені үшін айыпталған И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оқиға Жылыой ауданында орналасқан шаруа қожалығында болған. Сотталушы И. 2022 жылғы 25 қаңтарда шаруа қожалығында жәбірленуші А. және куә С. үшеуі ішімдік ішу барысында сотталушы И. мен жәбірленуші А. сөзге келісе алмай, жәбірленуші А. үстел үстіндегі асхана пышағын алып, сотталушы И.-ға  қарсы сермеген.                                                                                                                             

Мұнан соң сотталушы И. өзінің автокөлігінен арқан жібін алып, жәбірленушіні байлап, соңында өлтіріп тынды.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындылары, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және  заттай айғақтармен өз дәлелін тапты.

Прокурор сотталушыға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурордың позициясын қолдады.

Айта кетейік, ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясында 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алайда сот барысында оның жазасын ауырлататын себеп болмады. Сонымен қатар, кінәсін мойындауы, шынайы өкінуі, кәмелетке толмаған балаларының болуы да есепке алынды.

Сөйтіп, сот үкімімен И. ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру  жазасы тағайындаллды.

 Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

atpress.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button