
80 ұстаздың құқығы қорғалды
Атырауда 80-нен астам ұстаздың еңбегі әділ бағаланып, оларға 11 миллион теңгеден астам өтемақы төленді. Бұл – прокуратура органдарының азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмысының нақты нәтижесі.
Атырау қаласының прокуратурасы жүргізген кешенді талдау барысында бірқатар білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге алдын ала хабардар етіп, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу туралы талап бар екені анықталды. Алайда кейбірмектептер мен балабақшаларда бұл шарт орындалмайкелген.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде педагогтардың конституциялық құқықтары толық қалпына келтіріліп, 80-нен астам ұстазға жалпы сомасы 11 миллион теңгеден астам өтемақы төленді. Атырау қаласы прокурорының орынбасары Ерлан Какиев заң талаптарын орындамаған 33 лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
– Мұғалім – елдің ертеңін тәрбиелейтін тұлға. Олардың еңбегін заң жүзінде қорғау – біздің бастыміндетіміз. Конституция әр адамның еңбек ету жәнелайықты ақы алу құқығын кепіл береді. Сондықтан бізбұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастырып, әлеуметтік саладағы заңдылықты қатаң қадағалаймыз, — деді ол.
Қала прокуратурасы алдағы уақытта да әлеуметтік саладағы заңдылықты қамтамасыз етіп, әр тұрғынныңқұқығының бұзылмауын басты назарда ұстамақ.
Майра ЕРҒАЛИ