Жарнама
Құқық

77 сотталушыға электронды білезік тағылды

СОТТАЛҒАНДАР АРНАЙЫ БІЛЕЗІК АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНАДЫ.

Атырау облысында пробация есебінде тұрған азаматтар арасында қайталап қылмыс жасау дерегі 50 пайызға артқан. Осыған орай сотталушылар енді арнайы білезіктер арқылы бақыланады. Бұл туралы Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация бөліміне басшылық ету бөлімінің басшысы Артур Иманов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылғыны ҚР Ішкі істер министрлігі жіберген. Әзірге өңірге 70 білезік келіпті. Оның тең жартысы жазасын өтеуші қала азаматтарына тағылса, қалған 35-і  жеті ауданға тең бөлінеді.
-Білезік арқылы күндіз де, түнде де жазасын өтеушілердің қайда екенін білуге болады. Оның денсаулыққа еш зияны жоқ. Осының арқасында қызметкерлердің жұмысы жеңілдеп, заң бұзушылар саны азаяды деген үміттеміз. Дегенмен пробациядағы мамандардың кешкі 22:00-ден кейін жүргізетін рейдтік іс-шаралары да тоқтамайды, деді А.Иманов.

Білезікті ең алдымен педофилдер мен қайталап қылмыс жасаған азаматтарға тағуға басымдық беріледі. Айта кетейік, бүгінде облыстағы  пробация есебінде 1045  азамат бар. Олардың бәрі заманауи білезікпен жыл соңына дейін қамтылады деп жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button