Жарнама
Құқық

Экология саласындағы жемқорлық мәселесі талқыланды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс әкімдігінің алаңында Экология департаментінің қызметінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау мәселелерін талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.

Жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында қоршаған ортаның ластануы су ресурстарының тапшылығы, тұрмыстық қалдықтар мен қоқысты төгуге және сақтауға арналған полигондар бойынша, балықтардың жаппай қырылу фактілері бойынша, «Тухлая балка» объектісі бойынша және т. б. сияқты экологиялық проблемалар мен өңірдің мәселелері қамтылды.

Талдау қорытындысы бойынша 9 тәуекел анықтып, 20 ұсыныс енгізілді, оларды орындау бойынша жоспар әзірленді.

«Дискрециялық өкілеттіктердің болуы, бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде жемқорлық алғышарттары, әкімшілік жауапкершіліктен босату және келтірілген залалды өтеу мүмкіндіктері сияқты проблемалық аймақтар анықталды. Сондықтан жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша шаралар қабылдау өте маңызды», — деп атап өтті басшының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Сондай-ақ спикер ел Президентінің тапсырмаларын тиісінше орындауға, «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Департаменттің жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес жөніндегі жұмысты күшейту мәселелеріне арналғанын атап өтті. Оның айтуынша, азаматтардың сенімін нығайту үшін қоғамдағы жемқорлықтың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет енгізілген ұсынымдардың орындалу барысын бақылауды жалғастырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button