Жарнама
Қоғам

Жылыойда мобильді көшпелі қабылдау басталды

Биылдан бастап орталықтан шалғай жатқан елді мекен халқының мұң-мұқтажын, талап-тілегіне құлақ асып, мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпал ету, оларға заңға сәйкес құқықтық көмек беру мақсатында «АMANAT» партиясы аудандық филиалдары жанынан арнайы мобильді топтар жасақталып, өз жұмысын бастап кетті.

Алғашқылардың бірі болып «АMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының төрағасы Сайлаубай Таласов, аудандық мәслихат төрағасы Қанат Мыңбаев, аудандық мәслихат депутаты Сымбат Қабдрахманова, заңгер Лена Бисенова және аудандық бөлім басшылары мен өкілдерінен құралған мобильді топ Жем ауылдық округінде қоғамдық қабылдау өткізіп, ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелермен танысты.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар еңбекақы төлеу мәселесі, жер учаскесінің ауданын нақтылап беру, баласының әрекетке қабілетсіз деп тану және мүгедектігі бар адамға еңбек ету дәрежесін айқындау туралы, ауылшаруашылық мақсатында жер алу заңдылықтары жайлы сұрақтарын жолдады.

Мобильді топ құрамындағы мамандар барлық мәселе бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кейбір мәселелер зерттеп-зерделеуді қажет ететіндіктен, тиісті орган өкілдерімен жұмыс жалғасатын болды.

Салтанат САНСЫЗБАЙ

«АMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы баспасөз қызметінің өкілі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button