Жарнама
Қоғам

ЖЫЛҚЫ ЖҰТЫЛҒАН КҮН

 

 

Мәлімқожа  ИСЛАТҰЛЫ, Исатай  аудандық ветеринария  бөлімінің басшысы:

– Газ құбырына арналған жыраның ұзындығы – 13 шақырым, ені – 60 см, тереңдігі – 1,5 метр. Қаңтар айының басында орын алған оқиға осы аптаның басында белгілі болды. Арнайы комиссия құрылып, тиянақты жұмыс жүргізілді. Сала мамандарының анықтағанындай, ешбір малдан жұқпалы ауру дерті байқалған жоқ.

 

Ертілеу  ҚАНАТБАЕВ, Аққыстау селосының тұрғыны:

Бұл оқиғада барлығы 17 үйдің иесі зардап шекті. Менің асырап отырған үш жылқым мерт болды. Қанша жылдан бері мал асырап келеміз, бұған дейін мұндай жағдай болған емес. Биыл ауа райының күрт бұзылуынан  осындай  қиын  халге  душар болып, отбасы жағдайына материалдық шығын келгені рас. Жауапты мекеме кінәні өз мойындарына алды. Мал  қожайындарына өтемақы төлеу мәселесін шешетін болды. Келер аптада барлық шығын өтеледі деп сенеміз.

Дайындаған:

Алтыншаш  ҚҰРМАШЕВА.

P.S. Малы шығын болған иелеріне жалпы сомасы 5,8 млн. теңге өтемақы төленеді. Жағдай толық шешілгенше  Исатай ауданы әкімінің бақылауында болмақ. Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми  хабарламасында айтылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button