Жарнама
Қоғам

ЖЫЛЫ СӨЗ – ЖАНҒА ДАУА

 

Көбіне жасы жеткен кісілер кінәмшіл келеді ғой. Оларға анау да ұнамайды, мынау да ұнамайды. Оның үстіне олардың жас дәрігерлерге көңілі бітпейді. Ал, Нұрсәуле біздің ойымыздан шықты. Себебі, оның өзінен де, сөзінен де, жүзінен де жылылық есіп тұрады. Жас дәрігердің ауру адамға қарата айтқан әрбір сөзі шипа десем, артық айтқандық емес. Таңдап алған мамандығына шын берілген ол өзі қарайтын ауру жандардың жанына басқа да қызметтестерін алып келіп, олардың ойымен, пікірімен бөліседі екен. Осылайша, өзінің емінің дұрыстығына көз жеткізеді. Бұл — адам жанының арашашылары үшін таптырмас қасиет.
Әрбір келгеніңде күлімсірей қараған күйі: «Жазылып шығыңыз, ата!» — деген сөзі үшін Нұрсәулеге сондай риза болып қаламыз. Осындай өнегелі, білікті қыздарымызды көргенде «Біз білетін Қалжігітов пен Шаңгереевтердің ізбасарлары бар екен ғой!» деп, кең тыныстаймыз.

Сатыбай ЫСҚАҚҰЛЫ,
ардагер,
Алмалы селосы,
Махамбет ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button